19 маусым - Шымкентте қала күні
ҒабидоллаӘБДІРАХЫМОВ Шымкенттіктерді қала күнімен құттықтады. Бұл туралы Жас АЛАШ Шымкен қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
ҚымбаттыШымкент тұрғындары мен қала қонақтары!
Шымқаламыздышырайға бөлеген шуақты мереке – Қала күні құтты болсын!
Биыл бұлмерекенің біз үшін орны ерекше! Бұл – Шымкенттің республикалық қаластатусындағы алғашқы мерекесі.
Өздеріңізгебелгілі, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың2018 жылғы 19 маусымдағы Жарлығымен Шымкент еліміздегі үшінші мегаполис атанды.
ОсылайшаШымкент дамудың жаңа сатысына қадам басты.
Елбасы«Болашақ – миллионды қалалардың қолында» деп мәлімдеген еді. Міне, сүйіктіШымкентіміз сондай қалаға айналып келеді. Үшінші мегаполис «ақылды», «жасыл»әрі қауіпсіз қала атанады. Шымкент жаңа идеялар халқымыздың дәстүрімен қатардамып, өткенін ұмытпайтын, сонымен қоса жаңа технологияларға ұмтылатынтұрғындар қаласына айналды.
Үшіншімегаполисте заман талабына сай инфрақұрылым қалыптасып келеді, жаңашағынаудандар, көшелер, спорт алаңшалары, тұрғын үйлер, мектептер менбалабақшалар салынуда. Инновациялық даму деңгейіне үлкен мән бере отырып, қалахалқын әр жылғы мерекемізде жаңа мәдени, спорт, білім нысандарының бойкөтеруімен қуантуға тырысамыз.
Қадірлі шымкенттіктер!
Қаламыздыңқарқынды дамуына қосып жатқан үлестеріңіз үшін шексіз алғысымды білдіремін!
БаршаңыздыҚала күнімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға бақыт пен береке, ынтымақ пенбірлік тілеймін!
ШырайлыШымкентіміз көркейіп, көріктене берсін!
Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ,
Шымкентқаласының әкімі
ФОТО: shymkent.gov.kz