1979 жылы Тегеранда кепілге алынған АҚШ дипломаты қайтыс болды

19.07.2019, 03:00

30

15 шілдеде АҚШ-та 96 жасқа қараған шағында Американың Ирандағы уақытша сенімді өкілі болған Брюс Лейнген қайтыс болды. Ол 1979 жылы Иран студенттері АҚШ-тың Тегерандағы елшілігін басып алған дағдаорыс кезінде қызмет атқарған болатын.

Дипломаттың қазасы жайлы Лейнгеннің ұлы 17 шілдеде естіртті. Чип Лейнгеннің айтуынша, әкесі Вашингтон маңындағы қарттар үйінің бірінде Паркинсон дертінің ұлғаюынан қайтыс болған.

Брюс Лейнген мен тағы 51 америкалық Иран студенттерінің қолында 444 күн кепілде отырған. Студенттер Иранда Америка шах билігі құлаған соң АҚШ-тың Тегерандағы елшілігін басып алып, ондағы адамдарды кепілге алған еді.

АҚШ-тың Ирандағы уақытша сенімді өкілі Брюс Лейнген кепілдіктен босатылғаннан кейінгі баспасөз мәслихатында жеңіс белгісін көрсетіп тұр. Америка, Вест-Пойнт. 27 қаңтар, 1981 жыл /> АҚШ-тың Ирандағы уақытша сенімді өкілі Брюс Лейнген кепілдіктен босатылғаннан кейінгі баспасөз мәслихатында жеңіс белгісін көрсетіп тұр. Америка, Вест-Пойнт. 27 қаңтар, 1981 жыл

Кепілден босатылғаннан кейін Брюс Лейнген өзінің көптеген сұхбатында Иранмен татулыққа шақырған болатын. Ол Азат Еуропа/Азаттық радиосына 2009 жылы берген сұхбатында да АҚШ пен Иран қатынасының реттелмегеніне өкініш білдірген.

17 шілдеде дипломаттың ұлы Чип Лейнген Миннесота қоғамдық радиосына әкесінің қауіпке қарамастан Ирандағы елшілікте жоғары қызмет атқарғанын айтқан. «Тәжірибелі дипломат ретінде ол диалог арқылы келіспеушілікті реттеуге сенімд болатын» дейді Чип Лейнген.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56
  • "Көлігім жоқ болса да қарыз төледім" - салық органдарына шағымданатындар көп
    21.11.2020, 11:05
  • Билбордтардан не пайда, жемқорлар саны азаймаса?
    21.11.2020, 10:52