Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:09, 29 Тамыз 2024

2 қыркүйек күні президент Қазақстан халқына жолдауын жариялайды

в
Фото: Ақорда

2 қыркүйек күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялайды.

2 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, делінген Ақорда хабарламасында.

Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысады.

Президент Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылады.

Тегтер: