Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:45, 13 Маусым 2024

20 жыл бойы жекеменшікте болған қорғаныс нысаны тәркіленді

Қорғаныс
Фото: Қорғаныс минисрлігі

Қорғаныс министрлігінің құны 5 миллиард теңгеден асатын қорғаныс нысаны мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Алматы қаласында көлемі 16 мың шаршы метрден асатын 10 қоймадан, 2 әкімшілік ғимараттан, 2 өндірістік цехтан тұратын мүліктік кешен 20 жыл бойы жеке тұлғаның сенімгерлік басқаруында болған.

Қазіргі уақытта қайта тіркеу рәсімі жүріп жатыр, одан кейін нысан қорғаныс қажеттіліктері үшін пайдаланылады.

Сондай-ақ, қадағалау актілері бойынша құны 180 миллион теңге болатын 22 жер телімі армияға қайтарылды. Сонымен қатар, 25 жылдан астам заңсыз иелікте болған, жалпы құны 400 миллион теңгені құрайтын 200-ден астам қызметтік пәтер мемлекет балансына қойылып, олар тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерге таратылады, делінген хабарламада.