200 млрд кімге тиселі?
Мемлекетбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық телеарналардың эфирінен еліміздегітөтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланыстымәлімдемесі қиындықты басынан кешіріп жатқан қарапайым жұрттың еңсесін көтерді.
Өйткені бұл сын шақта халық үшін үлкен қолдау.
Президент мәлімдемесінде: «Дағдарысқа қарсы алғашқышаралар топтамасын жарияладым. Жағдайдың ушыға түскенін ескеріп, азаматтарғажәне бизнеске одан әрі қолдау көрсету жөнінде мынадай қосымша шешімдерқабылдадым. Инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақыжәне атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға индексациялауды тапсырдым.Осыған орай, аталған санаттағы азаматтардың табысын арттыру үшін мемлекеттарапынан 200 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді. Табысынан айырылғаназаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде қолдау көрсеттік. Енді, 42500 теңгекөлеміндегі осы көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді тапсырамын», –деді.
Бұл көмек белгіленген тәртіп бойынша, шын мәнінде, мұқтажадамдарға ғана берілетін болады. Осылайша, жалпы саны 3 миллионға жуық азаматқақолдау көрсетіледі. Сонымен қатар, тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түліктітегін алатын азаматтардың қатары көбейіп, мұндай көмекті мүгедектер және жұмыссызретінде тіркелген азаматтар да алады.
Мемлекет басшысы тегін азық-түлікті сегіз жүз мыңнанастам адамға берілетінін айта келіп, міндеттіәлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша сақтандырылмаған азаматтардыңмедициналық көмек алу құқығын 1 сәуірден 1 шілдеге дейін ұзартуды тапсырды.Демек, медициналық көмек азаматтарға бұрынғыдай қол жетімді болып қала береді.
Сондай-ақ, мәлімдемеде шағын және орта бизнеске қолдау көрсету үшінбұрын-соңды болмаған шаралар қолға алынып жатқаны да айтылды. Осыған байланысты, кәсіпкерлерге де көмеккөрсетілмекші. Қ.Тоқаев экономикамыздың тірегін нығайтуды айта келіп, әкімдіктержергілікті кәсіпорындардың өнімін кем дегенде, 6 ай бойы кепілді сатып алутәртібін жолға қоюы керектігін туралы құлаққағыс жасады. Шағын және орта бизнес өкілдерін биылғы 1қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан босатуы осыған бірдәлел. Ауыл шаруашылығымен айналысатынкәсіпкерлер де қолдаудан кенде қалмайды. Атап айтқанда, оларға бюджеттен 70миллиард теңге бөлінеді. Көктемгі егіс науқаны үшін «Қарапайым заттарэкономикасы» бағдарламасы арқылы қосымша 100 миллиард теңге бөлу тапсырылмақшы.Ең алдымен, шағын және орта шаруа қожалықтарына қолдау көрсетілнен жөн. Соныменқатар, Үкіметке жанармайдың нарықтық бағасын он бес пайызға арзандатып, 165теңгеге дейін төмендету міндеті жүктелді.
Президенттің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірушілер де ойларын ортаға салу барысында халық тұрмысын жақсарту мен экономиканыілгерлету мақсатындағы бастамаларды қолдайтындықтарын айтты.
Мақсат Халықов, экономист:
Бірден шағын және орта бизнеске қандай көмекқарастырылғанына тоқталайын. Бірінші кезекте, ең үлкен көмек еңбекақы қорынабайланысты төлемдердің, салықтардың барлығынан босату. Бұған жеке табыс салығы,әлеуметтік салық әлеуметтік төлемдер менмедициналық сақтандыру бойынша төлемдер кіреді. Бұл салықтардың барлығынансәуір айынан бастап қазан айына дейінгі аралықта босатылатындығы ашық айтылыпотыр. Менің ойымша, бұл өте жақсы әрі дер кезінде қабылданған шешім. Тағы бір маңызды мәселе, кейбір салықтарды үш айға кері шегеругеқатысты. Мұның да кәсіпкерлерге берер пайдасы көп. Ал қарапайым халыққа қатыстыайтар болсақ, әлеуметтік төлемдер төңірегінде, зейнетақыны көбейтуге байланыстыжақсы ұсыныстар айтылды. Айналып келгенде, осының барлығы қысылтаяң уақыттақарапайым халық пен ел экономикасының тірегі саналатын кәсіпкерлерге жасалыпотырған жайлы жағдай болмақ.
Жамбыл ҚЫРҒЫЗБАЙ