Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:14, 09 Қаңтар 2024

200 теңгелік банкноттар айналымда қала ма – Ұлттық банк жауап берді

банкнот
Фото: из открытых источников

Соңғы кезде қазақстандықтар 200 теңгелік банкноттардың айналымда көп кездеспейтінін байқаған. Ұлттық банк көптің сұрағына жауап беріп, банкноттарды не күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Ұлттық банк хабарлауынша, енді мұндай номиналдағы жаңа банкноттар шығарылмайды. .

"Номиналы 200 теңгелік банкноттарды шығару бойынша Ұлттық банк 2020 жылғы 28 қаңтарда 2020 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік монеталарды айналысқа шығарғанын хабарлаймыз. Осыған байланысты Ұлттық Банк бұдан былай номиналы 200 теңгелік жаңа банкноттарды шығармайды. Осы номиналдардың айналыстағы банкноттары үшін айналысты аяқтаудың белгіленген мерзімі белгіленбеген және олар табиғи түрде тозғандықтан қолданыстан шығарылып, номиналы 200 теңгелік монеталармен ауыстырылады», - деді Ұлттық банк Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында.

Сондай-ақ Ұлттық банк жаңа номиналды банкноттар мен монеталарды айналымға шығару жоспарда жоқ екенін қосты.

«Банкноттар мен монеталардың қолданыстағы номиналды ассортименті қолма-қол ақша айналымының қажеттіліктерін толығымен қанағаттандырады», - деп хабарлады Ұлттық банк.