2016 жылы Ақтөбедегі шабуылға қатысып, 22 жылға сотталған Жұбанов қайтыс болды

01.06.2019, 03:00

51

Ақтөбеде 2016 жылы маусымда болған қарулы шабуылға қатысып, 22 жылға сотталған Айдос Жұбанов Арқалықтағы УК-161/12 мекемесінде қайтыс болды. Оның денесі 30 мамыр күні Ақтөбеге жеткізіліп, қала сыртындағы зираттардың біріне жерленген. Бұл туралы Азаттыққа Жұбановтың жаназасына қатысқандар хабарлады.

Сотталған азаматтың қаза тапқанын Қазақстан қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады. Комитет өкілі «Жұбанов УК-161/12 колониясына туберкулезі асқынып келген еді. Осы уақытқа дейін түрме әкімшілігі оны қажетті ем-доммен қамтамасыз етті» деді.

Аты-жөнін атамауды өтінген азамат Азаттыққа жаназаны ұйымдастырып, сүйекті Ақтөбеге жеткізуге қатысқанын айтты.

— Діни ортада «Аюб» деген атпен танымал Айдос Жұбановтың ата-анасы бұрынырақта қайтыс болған. Аюб істі болған соң әйелі тұрмыс құрып кетті. Ет жақындары жоқ болған соң сүйегі Ақтөбеге жамағаттың қаржылай қолдауымен жеткізілді. Ол 27 мамырда Арқалықтағы түрмеде туберкулезден қайтыс болды. Жаназасына жүзден аса адам жиналды, — дейді аты-жөнін атамауды өтінген тағы бір азамат.

Ақтөбедегі қарулы шабуылға қатысқан 29 адамның жетеуі 2016 жылы 28 қарашадағы сот үкімімен өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Тергеу оларға «терроризм актісіне қатысты», «адам өлтірді», "қаруды заңсыз иемденді", «шабуыл жасады», «адам ұрлады» деп айып таққан.

Осы қылмыстық топтың құрамында болған Айдос Жұбанов — 22 жылға, Азамат Абдрахманов 20 жылға сотталған. Үкім шыққаннан кейін Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі «Сотталушылар Азамат Абдрахманов пен Айдос Жұбанов „Паллада“ қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасаған. Бірақ дүкеннен алып шыққан қаруларын тастап, жасырынып қалған. Олар террорлық топтың өзге мүшелерімен бірге „Пантера“ дүкені мен Ұлттық гвардияның 6655-әскери бөліміне, „Родниковка-Ақжар“ блок постына жасалған шабуылдарға қатыспаған» деген.

Тергеу материалдарына қарағанда, Айдос Жұбанов 1985 жылы Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында туған. Бұрын сотталып, 2013 жылы 22 қаңтарда бостандыққа шыққан. 2016 жылғы 5 маусым күнгі қарулы шабуылдан соң 22 жылға сотталып, жазасын Қостанай облысы Арқалық қаласындағы УК-161/12 қатаң режимді колонияда өтеген.

2016 жылы маусымда Ақтөбеде 26 адам екі қару-жарақ дүкеніне шабуылдап, ұлттық гвардияның әскери бөлімін басып алуға тырысқан. Шабуыл мен атыстан ресми мәлімет бойынша, 7 адам қаза тауып, 40 шақты адам жараланған. Алты күнге созылған арнайы операцияда шабуылға күдікті делінген 18 адамның көзі жойылып, бірнеше адам ұсталған.

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбеде шабуыл жасағандардың «радикалдық діни топ өкілдері» болғанын және олардың «шетелден нұсқау алғанын» мәлімдеген.

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05