17:52, 01 Қаңтар 2019
2019 жылы Беларусь тәуелсіздігінен айрыла ма?
«Тәуелсіздігіміз 20 жыл бойы бөлшектеліп сатылды»Беларусьта екінші Қырым емес, екінші Ауғанстан болады.
Бұндай мәлімдемені Беларусь ұлттық конгрессінің лидері Николай СТАТКЕВИЧ украиналық «Прямий» телеарнасында мәлімдеді.Қазір Ресей БАҚ-да Беларусь Республикасы Ресей Федерациясына қосылуы ықтимал деген ақпараттар пайда болды. Тіпті ортақ парламент, ортақ үкімет пен валюта хақында жоғарғы деңгейде сөз болғандығы да айтылып жатыр.Украиналық телеарнаның эфиріне шыққан Беларусь оппозиционері Николай Статкевич, Аел тәуелсіздігін қорғауға миллиондаған азаматтардың дайын екендігін мәлімдеді.«20 жыл бойы ел тәуелсіздігін сатумен айналысып келген адамға өз шаруасын аяқтауға жол бермейміз. Бізде партизандық соғыстың 500 жылдық дәстүрі бар. Лукашенко біздің тілімізді, мәдениетімізді, тарихымызды, ақпараттық кеңістігімсізді сатты. 90 жылдары тәуелсіздікті 27 пайыз Беларусь халқы қолдаса, қазір 90-95 пайыз халық азат ел болғысы келеді», — деді оппозиция өкілі. Фото: n24.by