2019 жылы Қазақстаннан басқа елдерге 655 миллиардтан астам теңге аударылды
Бұл туралы хабарды LSпорталы таратты.
Бұл сома 2018 жылға қарағанда 8,8% — ға артық.
Жалпы,өткен жылы Қазақстаннан сыртқа 655,2млрд теңге жіберілген.
Ең көп ақша Ресейге – 208 млрд теңгеден астам және Өзбекстанға – 139 млрдтеңге аударылған. Бұдан әрі Түркия мен Қырғызстанға 93,4 млрд және 87,2 млрдтеңге түсті. Қытайға бір жыл ішінде 35,5 млрд теңге жіберілді.
Барлық қаражаттың ең азы Қазақстаннан Украинаға — 10,7 млрд теңге жәнеАрменияға — 9,4 млрд жөнелтілген.
Сонымен қатар, Қазақстан аумағында 46,4 млрд теңгенің транзакцияларыжасалды.
Ресейге неге көп ақша аударылады деген мәселенің бірұшы Қазақстан еңбек рыногіндегі вакансиялардың біршама бөлігін осы елдіңазаматтары заңды және заңсыз түрде иемденіп отырғанына қатысты болса керек.Орыс ұлты өкілдерінің біраз бөлігі Ресей азаматтығын алғанымен, Қазақстаназаматтығынана да бас тартпаған. Яғни, заң бұзып отыр. Отбасы мүшелерініңжастары тарихи отанына кетіп, мұнда қалған ата-аналары оларға қаржылай көмек көрсетіп те тұрады.Өзбекстан және Қырғыз еліне аударылатын ақша мұндағы жұмысқа жалданып жүргенөзбек-қырғыздардың қалтасынан шығады. Ал, Түркиеге кететін ақшаның артында еліміздегі шағын бизнесте жүрген сол елдің азаматтары тұрса керек.
ФОТО ашық ақпарат көздерінен