2020 жылы оралмандарды қабылдауға қанша квота бөлінгені белгілі болды
2020 жылыоралмандарды қабылдауға қанша квота бөлінгені белгілі болды.
ҚР Үкіметініңқаулысы бойынша, 2020 жылы қандастарды қабылдауға арналған аймақтық квота 1378адамға, ал қоныс аударушыларға арналған аймақтық квота 4750 адамға бөлінген.
Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда екі есеге аз.
Атап айтқанда, 2019жылы оралмандарды қабылдауға араналған аймақтық квота 2103 адамға берілсе,қоныс аударушыларға арналған аймақтық квота 7771 адамға бөлінген.
Үкімет қаулысыбойынша, оралмандар мен қоныс аударушылардықабылдайтын 7 өңір айқындалған. Олардың ішінде Ақмола, Атырау, Павлодар,Қостанай, Шығыс, Батыс, және Солтүстік Қазақстан облыстары бар.
Еңбек және халықтыәдеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2018 жылы Қазақстанға 7162 отбасынемесе 11617 этникалық қазақ қоныс аударған. Олардың 47, 9 пайызы Өзбекстаннан,40,4 пайызы Қытайдан, 3,8 пайызы Моңғолиядан, 2,9 пайызы Түркіменстаннан, 1,3пайызы Ресейден, 3,7 пайызы өзге шетелдерден көшіп келген.
Көшіпкелгендердің 63,9 пайызы еңбекке қабілетті адамдар. 18 жасқа дейінгі балалардыңүлесі – 63,9 пайыз. 9,2 пайызын зейнеткерлер құрайды.
Еңбеккеқабілетті оралмандардың 15 пайызы жоғары білімді. 26 пайызының арнайы ортабілімі бар. Жалпы орта білімі бар жандардың үлесі – 53 пайыз. Қалған 6пайызының білімі жоқ.
2019жылдың қыркүйек айына дейінгі статистика бойынша, 10,7 этникалық қазақ азаматтықалған. Олардың 48,5 пайызы Өзбекстаннан, 36 пайызы Қытайдан, 6,2 пайызы Моңғолиядан,5,4 пайызы Түркіменстаннан, 1,1 пайызы Ресейден көшіп келген.
Көшіпкелушілердің басым көпшілігі Ақмола, Маңғыстау, Жамбыл облыстары мен Нұр-Сұлтанжәне Шымкент қалаларына қоныстанған.
Жалпы,1991 жылдан бері Қазақстанға 307,3 отбасы немесе 1,046 миллион этникалық қазақкөшіп келген.
Фото: Әлеуметтік желіден.