Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:09, 19 Қараша 2020

2021 жылы жұмыссыздық дендесе 42 500 теңге төлене ме?

None
None

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жалпы отырысында депутаттар «2021 — 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын қарады.

Келер жылы ел азамттарына қандай жағдайлар қарастырылғаны туралы сенаторАлтынбек Нухұлы көтерді. Ол пандемия кезінде 4,6 миллион адамға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 476 миллиард теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілгенін еске түсірді. Бұл ақша пандемия кезінде жұмысынан айырылғандарды қолдау үшін бөлінген.

— Сонымен қатар, қазіргі жағдайға алаңдамауға тағы болмайды. Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, елде ауру жұқтырған адамдардың тәуліктік саны күрт көбейіп, орта есеппен 600 адамды құраған. Бұл — алаңдатарлық жағдай. Егер 2021 жылы елімізде коронавирусқа қатысты жағдай тұрақталмаса, жұмысын уақытша тоқтатқан және табысын жоғалтқан азаматтарды қолдау тетіктері қандай болады? 42 500 теңге төлене ме? Осы мақсаттар үшін заң жобасында қаражат қарастырылмаған, — деді ол.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бұл ретте ақша қарастырылмағанын, оның орнына Ұлттық Банкпен және Қаржылық бақылау агенттігімен бірлесіп, падемияның теріс салдардың алдын алу бойынша бірлескен іс-шаралар жоспар құрылғанын айтты. Ол пандемияға байланысты ел Президенті «жағдайды ауыздықтау үшін қатаң шаралар қабылдауды» тапсырғанын атап өтті.

Тегтер: