2023 жылдың үздік ғалымдары анықталды

Тізімге экология, космонавтика, генетика, физика, жасанды интеллект және басқа да салалардың өкілдері енген.
Сарапшылар 2023 жылы жарқын жетістіктерге қол жеткізген ғалымдардың тізімін жасады. Бұл туралы беделді Nature ғылыми басылымы жазды.
Рейтингке "орманды кесуді тоқтата алған" Бразилияның қоршаған ортаны қорғау министрі Марина Сильва мен Ай миссиясын сәтті жүзеге асыруға үлес қосқан Үндістанның «Чандрайан-3» жобасы жетекшілерінің бірі Калпана Калахасти енді.
Сондай-ақ, жапон ғалымы Катсухико Хаяши еркек тышқандардан өміршең жұмыртқа алғаны үшін (жойылып бара жатқан түрлерді сақтауға көмектесетін технология), америкалық физик Энни Критчер тек сутегі бомбалары мен жұлдыздарда байқалатын ядролық реакцияларды қайталағаны үшін және грек Елени Миривили жаһандық жылынуға қарсы жетістігі үшін тізімге енгізілді.
Одан бөлек рейтингте жасанды интеллект чат-ботының жасаушы америкалық Илья Суцкевер, бөлме температурасында асқын өткізгіштік сезімін қате екенін дәлелдеген америкалық Жеймс Гамлин, салмақ жоғалтатын дәрі жасаған серб Светлана Мойсов, безгекке қарсы вакцинаны жасаушы британ ғалымы Халиду Тинто және онкология зерттеушісі Томас Паулс бар.