2023 жылы Қазақстанда қанша көлік шықты
2023 жылдың алғашқы жартысында Қазақстанда 66 551 дана жеңіл автомобиль мен жеңіл коммерциялық техника шықты, бұл 2022 жылғы сәйкес мезгілмен салыстырғанда 41.
6 % көп. Бұдан бөлек 4722 жүк көлігі мен 1095 автобус құрастырылды. Қазақстан автобизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) есебінше автоөнеркәсіп 73 055 көлік құралын өндірді, бұл былтырғы көрсеткіштен 40.6 % жоғары.
Қазақстан автоөндірісінің көшбасшысы — Allur компаниясына тиесілі Қостанайдағы зауыт. Онда Chevrolet, Kia және JAC көліктері шығады. 2023 жылғы алты айда кәсіпорын 44 214 техника (+38.2 %) өндірді, оның 17 386 данасы Chevrolet өнімдері.
Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan 24 509 автомобиль (+45.5 %) өндірді. Allur бірнеше марка өнімін шығарса, Алматыдағы зауыт тек «Хёндэ» құрастырады. Демек «Қазақстанда жасалған» маркалар тізімінде Hyundai бірінші орында тұр.
Елдегі көлік құрастыратын өзге зауыттардың нәтижесі мәз емес. Мысалы, Семейлік СемАЗ 1 887 дана коммерциялық техника (+57.3 %) өндірді. Көкшетаудағы КАМАЗ-Инжиниринг 525 жүк көлігін шығарды. Сарандағы QazTehna 444 автобус жасаған. Ал Hyundai Trans Auto мен Daewoo Bus Kazakhstan сәйкесінше 395 және 273 дана коммерциялық техника өндірді.
Биыл ең көп құрастырылған және ең көп өткен модельдер тізімінде Chevrolet Cobalt көш бастап тұр. Жарты жылда Cobalt-тың 9690 данасы шығып, 14 851 данасы сатылды. Демек оның көбі 2022 жылғы машина деген сөз.