2024 жылы ең төменгі жалақы мен зейнетақы қанша болады?

Қасым-Жомарт Тоқаев «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды.
Заң бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:
- ең төменгі жалақы (ЕТЖ) – 85 000 теңге;
- айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 692 теңге;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге;
- зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57 853 теңге;
- базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеуге арналған ең төменгі күнкөріс минимумы 43 407 теңге болып бекітілді.
Жасы бойынша зейнетақы төлемдеріне және еңбек еткен жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне бөлінген қаражат осы аталған сомалардың 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 9%-ке ұлғаюын ескере отырып қарастырылған.
Сонымен қатар мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының ұлттық қорынан 2024-2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңға қол қойды.
Бюджетте республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге және республикалық маңызы бар қалалардың бюджетіне берілетін субвенциялардың көлемі 5,2 триллион теңге сомасында көзделген, оның ішінде:
- Абай облысына – 234 948 938 мың теңге;
- Ақмола облысына – 354 724 684 мың теңге;
- Ақтөбе облысы – 293 012 614 мың теңге;
- Алматы облысына – 183 608 471 мың теңге;
- Шығыс Қазақстан облысына – 245 334 008 мың теңге;
- Жамбыл облысына – 426 356 383 мың теңге;
- Жетісу облысына – 355 343 578 мың теңге;
- Батыс Қазақстан облысына – 251 390 766 мың теңге;
- Қарағанды облысына – 322 790 809 мың теңге;
- Қызылорда облысына – 433 008 847 мың теңге;
- Қостанай облысына – 318 913 396 мың теңге;
- Маңғыстау облысына – 135 605 790 мың теңге;
- Павлодар облысына – 132 387 464 мың теңге;
- Солтүстік Қазақстан облысына – 316 648 616 мың теңге;
- Түркістан облысына – 1 001 641 890 мың теңге;
- Ұлытау облысына – 51 803 957 мың теңге;
- Шымкент қаласы – 207 506 595 мың теңге беріледі.
Бұған дейін заң жобасы қоғамдық талқылауда болды.