11:05, 21 Тамыз 2023
2024 жылы АЕК мөлшері қанша болады?
Қаржы министрлігі «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет» туралы заң жобасын әзірледі.
Онда 2024 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) қанша болатыны көрсетілген. Жоба «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Заң жобасына сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:
- айлық есептiк көрсеткiш – 3 692 теңге;
Айта кетейік, Қазақстанда АЕК жәрдемақы мен басқа да әлеуметтік төлемдерді, сондай -ақ республика заңнамасына сәйкес айыппұл, салық және басқа төлемдерді есептеу үшін қолданылады. 2023 жылы АЕК мөлшері 3450 теңге болған еді.