Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:15

2025 жылдың желтоқсанында Алматы қаласында жоғалып кеткен ер адам өлі табылды

П
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Instagram парақшасында Lider.kz еріктілері хабарлады.

Коломыцев Павел Михайлович 2025 жылғы 13 желтоқсанда жоғалған. Сол күні сағат 15:30 шамасында соңғы рет байланысқа шығып, содан кейін із-түзсіз кеткен. Полиция мәліметінше, оның телефоны Талсуат ауылы маңында өшіп қалған.

Ер адамның белгілері: бойы шамамен 160 см, шашы жоқ (тақыр), арық денелі, көзі қоңыр. Екі қолында ірі татуировкалары болған.

Ол жоғалған күні қара түсті күртеше, қара шалбар, қара кроссовка және тоқылған бас киім киген. Қасында қасқырдың тісі тағылған алқасы және сұр чемоданы болған.

Еріктілердің мәліметінше, ер адам 2026 жылғы 30 наурызда өлі күйінде табылған.

Тегтер: