Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:41

2025 жылы мемлекеттік бюджет қаражаты қайда жұмсалды – Қаржы министрлігі түсіндірді

теңге
Фото: из открытых источников

Қаржы министрі Мәди Тәкиев 2025 жылдың 11 айындағы мемлекеттік бюджеттің орындалу барысы мен негізгі шығыс бағыттары туралы мәлімет берді. 

Министрдің айтуынша, есепті кезеңде мемлекеттік бюджет шығыстары 95 пайызға орындалған. Оның ішінде республикалық бюджет – 96 пайызға, ал жергілікті бюджеттер – 95 пайызға игерілген.

Аталған кезеңде бюджет қаражатының негізгі бөлігі мына бағыттарға жұмсалған:
– әлеуметтік қолдауға – 8,3 трлн теңге;
– өңірлерді дамытуға – 6,9 трлн теңге;
– нақты секторды қолдауға – 1,8 трлн теңге.

Үкімет отырысында сөз сөйлеген Мәди Такиев елімізде қазіргі таңда негізгі бағыттар бойынша 870 жоба жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Олардың қатарында «Жайлы мектеп», «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары, ауызсу және жылумен қамту, газ және көлік инфрақұрылымын дамыту, тұрғын үй құрылысы мен жеке тұрғын үй салу жобалары бар.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, бюджет кірістерінің қазіргі серпіні мен шығыстарды басқарудағы байыпты саясат бюджет тапшылығын бекітілген шектерде ұстап тұруға мүмкіндік беріп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылы Қазақстан бюджетінің шығыстары 27,7 трлн теңгені құрайтыны хабарланған болатын. Бұл көрсеткіш 2025 жылмен салыстырғанда 2 трлн теңгеге артық.