2026 жылдан кейін «Байқоңырдан» «Протон-М» зымырандарын ұшыру мәселесі әлі талқыланып жатыр
2026 жылдан кейін Байқоңыр ғарыш айлағынан Протон‑М зымыран-тасығыштарын ұшыруды жалғастыру туралы шешім әлі қабылданған жоқ.
Бұл мәселе жыл сайын өтетін Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының отырысы аясында қарастырылып жатыр. Бұл жөнінде vlast.kz мәлімдеді.
Комитеттің хабарлауынша, 2024 жылы да, биыл да пайдалы жүктеменің дайын болмауына және өзге техникалық себептерге байланысты «Протон-М» ұшырылымдары жүзеге аспай, 2026 жылға шегерілген.
«Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының дерегіне сәйкес, қазіргі уақытта Ресей тарапында дайындық деңгейі әртүрлі он дана «Протон-М» зымыраны бар. Алайда бұл типтегі зымырандарды бұдан әрі өндіру жоспарланбаған», - деп нақтылады комитет.
Еске салайық, 2014 жылы комиссия «Протон-М» зымырандарын ұшыруды 2026 жылға дейін кезең-кезеңімен қысқарту туралы шешім қабылдаған. Ал 2016 жылы Ресей тарапы жыл сайын «Протонды» бес реттен артық қолданбайтыны, әрі 2026 жылға қарай бұл зымырандарды пайдалануды толық тоқтататыны жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілген болатын.