Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:31, 09 Қаңтар 2026

2026 жылы утильалым АЕК-пен бірге өседі

утиль
Фото: kolesa.kz

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 4325 теңгені құрайды.

Осыған байланысты автокөлікті алғашқы тіркеуге дейін төленетін утильалым (утилизациялық төлем) мөлшері де артады, деп хабарлайды kolesa.kz.

Утильалымның базалық мөлшерлемесі АЕК-ке байланған және 50 АЕК-ке тең. 2026 жылы бұл көрсеткіш 196 600 теңгеден 216 250 теңгеге дейін өседі. Ал нақты төленетін сома көлік құралының санатына және базалық мөлшерлемеге қолданылатын коэффициентке байланысты анықталады.

2026 жылға арналған утильалым мөлшерлемелері

1

Утильалымды қалай төлеуге болады

Утильалымды Recycle.kz сайты арқылы төлеуге болады. Ол үшін өтінімді автокөлік иесінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) растау қажет.

Егер автокөлік ЕАЭО-ға кірмейтін елдерден әкелінсе

Өтінімге келесі құжаттар қоса тіркелуі тиіс:

  • кедендік декларацияның көшірмесі (ішкі тұтыну үшін шығару);

  • мемлекеттік бақылаудан өткенін растайтын талонның көшірмесі (шекарадан өткен күнін растау үшін);

  • СБКТС немесе ОТТС көшірмесі.

Егер есептеу үшін қажетті деректерді анықтау мүмкін болмаса, операторлар қосымша түрде:

  • VIN-нөмірі көрсетілген көлік жүкқұжатын немесе CMR;

  • шот-фактураны (invoice) сұратуы мүмкін.

Егер автокөлік ЕАЭО елдерінен әкелінсе

(Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан)

Қажетті құжаттар:

  • көлік құралының ПТС немесе СРТС сканы;

  • СБКТС немесе ОТТС сканы;

  • автокөлікті қабылдап-тапсыру актісінің сканы (бар болса), сәйкестендіру нөмірлерімен;

  • VIN-нөмірі көрсетілген көлік жүкқұжаты немесе CMR.

Автокөліктің елге енгізілген күнін растау үшін шекарадағы мемлекеттік бақылау талоны (немесе оның көшірмесі) қосымша талап етілуі мүмкін. Егер талон болмаса, енгізу күні өтінім берілген күн болып есептеледі.

Өтінімді толтыру кезінде барлық деректер мен құжаттардың сәйкестігін мұқият тексеру қажет, өйткені қателіктер өтінімді қайта тапсыруға және уақыт жоғалтуға әкеледі. Құжаттардың скан-нұсқалары анық әрі оқылатын болуы тиіс. Импорттаушылардың айтуынша, екінші деңгейлі банктердің кассалары арқылы шот бойынша төлем жасау онлайн төлемге қарағанда жиі сенімді әрі жылдамырақ жүзеге асады.

Тегтер: