Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:38, 14 Наурыз 2025

2029 жылға дейін елімізде 111 млн шаршы метр баспана салу жоспарланған

Көпқабатты үйлер
Фото: из открытых источников

Елімізде баспрана мәселесі бары жасырын емес. Осы жолда тұрғын үй саясатын реформалау бойынша азаматтарға қолжетімді әрі сапалы баспана ұсынуға бағытталған маңызды шаралар қабылданып жатыр. 

Осыған сәйкес алдағы уақытта ірі құрылыс салалары дамитын болады. Мысалы, ел басшысының тапсырмасына орай елімізде былтырғы статистика бойынша 18,96 млн  шаршы метр баспана бой көтерген. Бұл еліміз егемендік алғалы бергі ең жоғапғы көрсеткіш саналады.

Ал биыл Қазақстанда былтырғы көрсеткіштен де асып, 19 млн шаршы метр пәтер салыну жоспарланған. Бұл нақты деректермен мәлімет келтіретін болсақ 172 мың 89 пәтер дегенді білдіреді. Осындай тұрғын үй саясатының бастамалары еліміздегі үй мәселесін шешу үшін істеліп жатқан жұмысардың бір парасы ғана. Ал 2029 жылға дейін елімізде жалпы 111 млн шаршы метрді құрайтын баспана салу жоспары қарастырылған.

«Отбасы банк» негізінде Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады

Тұрғын үй саясатын реформалау аясында «Отбасы банк» негізінде Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығын құруға ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұл мекеме азаматтарды тұрғын үй кезегіне тіркеу, баспананы бөлу және жеңілдікті ипотекалық несиелер беру жұмыстарын орталықтандырылған түрде жүзеге асырады. Орталықтың құрылуы тұрғын үймен қамтамасыз ету ісінің ашықтығын арттырып, бұл процестерді тиімді етеді.

Жалдамалы баспананы жекешелендіру құқығы беріледі

Қазақстанда жалға берілетін тұрғын үйді жекешелендіру құқығы енгізіліп отыр. Бұл жаңашылдық тұрғын үй саясатындағы маңызды өзгерістердің бірі болып саналады. Бұған дейін көптеген азаматтарға жалға берілген баспаналарды сатып алу мүмкіндігі болмаған. Енді осы өзгерістердің нәтижесінде 50 мыңнан астам азамат бұған дейін жалдап тұрған тұрғын үйлерін жекешелендіріп, баспананың толыққанды иесі бола алады. Аталған қадам халықтың әлеуметтік тұрақтылығын арттыруға, олардың болашаққа деген сенімін нығайтуға септігін тигізеді. Азаматтардың меншік құқығын алуы баспананы тиімді пайдалануға, тұрғын үйлерді жақсартуға және ұзақ мерзімді жоспарлар жасауға мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, бұл шара тұрғын үймен қамтамасыз ету жүйесіндегі әділеттілік пен ашықтықты арттырады, мемлекет тарапынан азаматтарға көрсетілетін қолдаудың тиімділігін көрсетеді. Жекешелендіру құқығы енгізілгеннен кейінгі кезеңде тұрғын үй нарығындағы тұрақтылық пен сапа артады деген сенім бар.

Жаңа тұрғын үй саясаты азаматтардың табыс деңгейіне байланысты баспанамен қамтамасыз етудің сараланған тәсілін қарастырады. Табыс мөлшері төмен азаматтар сатып алу мүмкіндігі бар жалдамалы баспанаға үміттене алады. Ал табысы жоғары азаматтар үшін жеңілдікті ипотекалық бағдарламалар ұсынылады. Мұндай градация мемлекеттік қолдаудың әділетті әрі нақты бағытталуын қамтамасыз ету үшін жасалып отыр. Қазақстан үкіметі техникалық мамандарға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасының алдын ала шарттарын жариялады. Бұл бастама білікті мамандарды елге тартуға және оларды елде ұстап қалуға бағытталған. Бағдарлама бойынша жеңілдетілген несие беру және баспана құнының бір бөлігін субсидиялау көзделген.

Қазақстанның тұрғын үй саясаты тарихи тұрғыда айтарлықтай өзгерістерді бастан кешті. Кеңес дәуіріндегі жаппай типтік көпқабатты үйлер құрылысы, 1990 жылдардағы тоқырау және 2005 жылдан басталған ұлттық тұрғын үй құрылысы бағдарламасының іске асуы – осының дәлелі. Қазіргі реформалар осы эволюцияны жалғастырып, азаматтарды баспанамен қамтамасыз етудің тұрақты әрі әділ жүйесін құруға ұмтылып отыр.

Тұрғын үй саясатына қатысты реформалар мемлекеттің барлық азаматтарды қолжетімді және сапалы баспанамен қамтуға деген ұмтылысын көрсетеді. Бұл бастамаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының және жалпы қоғамның бірлескен әрекеті қажет. Аталған реформалар халықтың тұрғын үй жағдайын жақсартып қана қоймай, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін береді деп күтілуде.

Тегтер: