21 мың теңге: Ажырасу. Масылдық. Сорақылық

04.06.2019, 09:32

6


Бүгінгі«Жас Алаш»газетіне келте шолу:

Көпбалалы аналар: Өлтірсе – өлтірсін, соттаса – соттасын!

 ГүлшараӘбдіхалықова әйелдерді арнайы жасақ қоршауға алған соң көрінбеді. Қарауғажүрегі шыдамай, кабинетіне барып, үкіметтің дәрменсіздігіне налып жылағаншығар...

21мың теңге: Ажырасу. Масылдық. Халықпен ойнау – сорақылық

Еуропақауымдастығы саяси кеңестерінің өкілі Ассоль Мирманова:

Екіншіден, егер әр балаға берілетін 21 мың теңгеажырасуға дейін алып баратын шешуші аргумент болса, демек бұл, мемлекеттікидеология мен қоғамдық институттарға және әлеуметтік жүйеге шығарылған үкім!

… Отыз жыл бойы мемлекет көпшілікті бағынышты тобырретінде тәрбиеледі. Азаматтарды бәсекеге қабілетті болуға үйретпеді. Өз құқығынқорғай білуге үйретпеді. Сапалы білім алуға талап қоюды үйретпеді. Жақсы табыстабуға жетелейтін жетістіктердің қолжетімді болуын талап етуді үйретпеді. Билікхалық айтқанымыздан шықпасын деді. Саясатқа араласпасын деді. Тұлға ретіндетанылмасын деді. Айдаған жаққа жүретін болсын деді. Мемлекеттік жүйеге бас ұрыпбағынсын деді. Осы мақсаттарына толықтай жетті. Міне, осының есесі ретінде халық енді айтарлықтай жәрдемақы, бірреттіктөлем, тегін денсаулық сақтау  мен білімжүйесі болғанын қалайды. Міне, осындай әлеуметтік келісімшартта әлеуметтікмасылдық көңіл күй тек өсе береді.

Бойкотшылар екіге бөлініп,  ырду-дырдумен тарқасты

Қалай десек те, биылғы саясидодада бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара алмаған оппозиция өкілдері«тартады Аққу көкке, Шаян кейін, Жұлқиды суға қарай Шортан шіркіннің» кебінкелтіріп тұр.  ОБСЕ үшін, халықаралыққауымдастық үшін  ғана сайлау депаталатып қойылым өткізіп жатқан билікке бұдан артық не сыйлық, не тарту керекеді... 

Президентсаған айтам, кандидаттар тыңдаңдар!

Академик  Оразалы Сәбден:

 Бүгінгідей шексіз билік, шарықтаған сыбайласжемқорлық болған емес. Ал біз болсақ 28-ақ жылда тығырыққа тірелдік, халықтыңсенімі де, шыдамы да таусылуда.

Тұрсын ЖҰРТБАЙ

ЖАҒЫМСЫЗ КЕЙІПКЕРЛЕР

Егер де С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов Алашидеясын және оның көсемдерінің мақсатын – «шығармаларының негізгі «мағынасынанбасқа астыртын мағынасын» өзінің шығармаларындағы жағымсыз образдар арқылы«оқырмандарға өткізіп жібермегенде», сонымен қатар сол астыртын мағынаны ашып,түсіндіріп беретін «астыртын әдеби мектеп» болмағанда, қазақ әдебиетінің рухыбүгінгіден әлдеқайда жүдеу тартар еді.


Ақын БауыржанӘЛІҚОЖАНЫҢ «Келеді аспан төсі бөртіп түнде...» топтамасы

ҚуандықТҮМЕНБАЙДЫҢ Көзбояужоқ көріністері

Екіәзірбайжан жігіті Алматының бір емханасын басына көтерді. Бірі – дәрігер де,бірі – емделуші. Сірә, сырқат іздеп келген танысын дәлізде тап басып ұстай алсакерек, біраз сөзге тартып, жолынан қалдырды. Екеуі  де  ана тілінде  айқайлап  сөйлесіп тұр. Дәліздегілер аузын ашып қалды. Ескі таныс шаруасын бітіріп,дәрігерді еркіне жіберді. Өз тілінде сөйлесіп, өз тілінде қоштасты. Айналасындағылар аузын ашып әлі тұр.

Әрлі-берліөткендер мен кезектің соңын сұраған қазақтар бір-біріне орысша тіл қатады. Тіптітаяқ сүйенген қазақ шалға имиіп келген әже «Последний есть?» деп сұрау салды.Екі әзірбайжан өзгенің жерінде өз жерінде жүргендей айқайлап жүр. Қазақтароларға «мәдениетсіз сорлылар» дегендей күле қарап тұр.

Сорлыкім?

Сорлыбіз.

Тіліміздітістеп қалған нағыз сорлымыз.


Сондай-ақ,сейсенбілік спорт беті.



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

20.03.2020, 20:04
Әртіс әкімдер
10.03.2020, 15:30
Шыңжаңның шырғалаңға түсуі
09.03.2020, 13:56
Қарағандылық белсенді Божконы сотқа берді
03.03.2020, 17:42
Ассамблея дұрыс саясат ұстана алмай отыр
23.08.2019, 18:50
Astana Hub 5 елмен меморандумға қол қойды
16.06.2019, 12:44
«Ел алдында жүзім ашық болса деймін»

Аңдатпа


  • Ахметовтің кадр саясаты ақсай бастады
    21:08
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13