Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:08, 03 Қыркүйек 2019

21 мыңның жыры: Қызылордалық аналар Тоқаевқа шағымданбақ

Қызылордалық көпбалалыаналар қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлім басшысы ГүлмираРАХМЕТОВАНЫҢ қызметтен кетуін талап етеді.

Бүгін бір топ аналар аталған бөліморналасқан ғимарат алдына жиналып, президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВҚА петицияжолдайтындарын жариялады. Бұл туралы өңірдегі «ЖасАЛАШ»тілшісі хабарлайды.

Көпбалалы аналар айсайын берілетін 21 мың жәрдемақыны алу үшін әуре-сарсаңға түсетінін айтады.Жергілікті жердегі жауапты басшылардың  аналармәселесіне немқұрайлы қарайды дейді. Ай сайын жәрдемақы кешігіп келеді екен. Қалаәкімі Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ пен облыс басшысы Қуанышбек ЫСҚАҚОВТАН аттап өтіп,президентке шағымданғандарына қарағанда қызылордалық шенділер аналар мәселесінбілетін сияқты.

 «Балық басынаншірейді дейді. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлімде болып жатқан былықтыңбәрін айтамыз. Бірақ оған көзді жұмады. Мен акиматқа барған сайын проблемалардыайтамын», — дейді көпбалалы ана Жадыра САЛБАЕВА.  

Қазір қызылордалықаналар президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа петиция дайындап қойған. Оған ондағанадам қол қойыпты.

«Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бөліміне келсек  басшы мәселені ортақ шешудің орынына оны одансайын ушықтырып жібереді. Сол себепті біз мемлекет басшысына шағымданбақшымыз», — дейді тағы бір көпбалала ана Перизат БОЛАТҚЫЗЫ.

Бөлім басшысы ГүлмираРахметованың айтуынша, дау туындатқан жиырма бір мыңның уақытылы түсуінебарынша жұмыс істеп жатыр екен. Ал жәрдемақының кейде  уәде етілген уақыттан кешігуі ай сайынғыөтініш берушілердің санының артып келе жатқанымен байланыстырады.

Фотолар автордікі.

Тегтер: