21 мыңның жыры: Қызылордалық аналар Тоқаевқа шағымданбақ

03.09.2019, 23:08

3

Қызылордалық көпбалалыаналар қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлім басшысы ГүлмираРАХМЕТОВАНЫҢ қызметтен кетуін талап етеді. Бүгін бір топ аналар аталған бөліморналасқан ғимарат алдына жиналып, президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВҚА петицияжолдайтындарын жариялады. Бұл туралы өңірдегі «ЖасАЛАШ»тілшісі хабарлайды.

Көпбалалы аналар айсайын берілетін 21 мың жәрдемақыны алу үшін әуре-сарсаңға түсетінін айтады.Жергілікті жердегі жауапты басшылардың  аналармәселесіне немқұрайлы қарайды дейді. Ай сайын жәрдемақы кешігіп келеді екен. Қалаәкімі Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ пен облыс басшысы Қуанышбек ЫСҚАҚОВТАН аттап өтіп,президентке шағымданғандарына қарағанда қызылордалық шенділер аналар мәселесінбілетін сияқты.

 «Балық басынаншірейді дейді. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлімде болып жатқан былықтыңбәрін айтамыз. Бірақ оған көзді жұмады. Мен акиматқа барған сайын проблемалардыайтамын», — дейді көпбалалы ана Жадыра САЛБАЕВА.  

Қазір қызылордалықаналар президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа петиция дайындап қойған. Оған ондағанадам қол қойыпты.

«Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бөліміне келсек  басшы мәселені ортақ шешудің орынына оны одансайын ушықтырып жібереді. Сол себепті біз мемлекет басшысына шағымданбақшымыз»,- дейді тағы бір көпбалала ана Перизат БОЛАТҚЫЗЫ.

Бөлім басшысы ГүлмираРахметованың айтуынша, дау туындатқан жиырма бір мыңның уақытылы түсуінебарынша жұмыс істеп жатыр екен. Ал жәрдемақының кейде  уәде етілген уақыттан кешігуі ай сайынғыөтініш берушілердің санының артып келе жатқанымен байланыстырады.


Фотолар автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04