21 мыңның жыры: Тырнағыңызды қаншаға жасаттыңыз?

23.10.2019, 17:04

17

Қарағанды қаласында зәулімсарайы, қымбат көліктері бар дәулетті отбасылар да атаулы әлеуметтік көмектірәсімдеткен. Бұл туралы «ЖасАЛАШ»сайтының Қарағанды өңіріндегі тілшісі хабарлайды.

Қарағандының жұмыспен қамтуорталығының мәліметінше, қалада 316 отбасы атаулы әлеуметтік көмекті заңсызалып келген. Оның ішінде 25 отбасының зәулім сарайы мен қымбат көліктері барекен.  

«Біздің мамандар мекен-жай бойынша үйлеріне тексеругебарған кезде, онда екі қабатты коттедж тұрып жатқан. Сонымен қатар қымбатавтокөлітері бар отбасылардың әлеуметтік көмекті алуға құжат тапсырғанынанықтаған. Мысалы олар отбасының табысын 45 мың теңге деп көрсетеді, ал шынмәнісінде табыстары 4 млн теңгеге дейін жететіні болған», — деп мәлімдедіҚарағанды қаласының жұмыспен қамту орталығының директоры Нұржан СЫЗДЫҚОВ.

Қарағандыда тұрмысы нашар  отбасылардың мұндай атаулы әлеуметтік көмекті ала алмай жүргені жасырын емес. Осындайжағдайға бір баласы бар, жалғыз басты ана Гүлнара ҚАСЫМОВА тап болған. Олбаласымен бірге пәтер жалдап тұрады. Бұрынғы күйеуі алиментті үнемі төлемейді.Гүлнара Қасымова шілде айында жұмыссыз қалған соң, атаулы әлеуметтік көмеккеөтініш тастаған. Дегенмен күткен үміті ақталмай, оған атаулы әлеуметтік көмектіберуден бас тартқан.


«Маған тексеруге келген мамандар «тырнағыңыздыкірпігіңізді қалай жасаттыңыз» деп сауал қойғанда не күлерімді не жыларымдыбілмедім. Енді тырнағымды жеңгемнің сәндеп беріп отыратынын айттым. Ең соңындаолар үйдің табысы деп мен өмірі қолыма алмаған ақшаны есептеп шыққан.Әлеуметтік көмекті қажет етпейтін жұбайлары бар, табысы жақсы отбасылардыңосындай көмекті алып жатқанын көргенде қатты қынжылдым», — дейді жалғызбасты анаГүлнара Қасымова.

Заңгер әрі қоғам белсендісіНұржан ЖАЛБИРОВ атаулы әлеуметтік көмекті рәсімдету барысында мамандардыңтабысты есептеуде салғырттыққа жол беруікөптеген көмекке зәру отбасына кесірін тигізді деп есептейді.

«Әлеуметтік көмек тағайындалып жатқан кезде өкілеттіоргандар тездетіп, комиссия құрып асығыстық танытты.Тіпті менің ойымшамамандардың өзі бұл жұмысқа дайын болған жоқ. Көптеген өтінішті қысқа мерзімдеқарап шығу мүмкін болмады. Мамандар табыс деген түсінікке барлығын жатқызды. Тіптібақшадағы өсіп тұрған гүлден бастап көлікке дейін есептеді. Ал шын мәнісінде, бұл табыс болып есептеле ме, жоқ па, ол нақты ешқандай жерде жазылмаған», — депмәлімдеді заңгер Нұржан Жалбиров.

Жаңажылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек беру ережесі тағы өзгереді. Ендіеліміздегі барлық көп балалы отбасылар табысына қарамастан әлеуметтік көмектіалатын болады. Көмекке зәру отбасында жұмысқа қабілеті бола тұра, ол жұмысжасаудан бас тартса, мұндай жанұяға көмек берілмейді. Отбасылардың жағдайынтексеретін комиссияларға барлығын анықтап шығу үшін жеті күн уақыт берілмек.


Фотолар автордікі. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16