Бүгін, 15:10
«21 рет пышақтаған»: Жаңаөзен ауруханасында қаза тапқан дәрігер өлімінің мән-жайы анықталды
Жаңаөзен қалалық ауруханасында көз жұмған 29 жастағы терапевт Нұрдәулет Аманғалиевтің өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті дәрігерге 21 рет пышақ сұққан. Марқұмның мойны, кеуде тұсы мен қолы жараланып, көп қан жоғалтқан. Ақтаудан арнайы келген мамандардың көмегіне қарамастан, дәрігердің өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.
Марқұмның туыстары күдіктінің бұл қылмысқа қызғаныш себепті барғанын айтады. Олардың сөзінше, қамауға алынған азаматтың жұбайы ауруханада медбике болып жұмыс істеген.
Туыстары қылмыскерге қатаң жаза тағайындауды талап етіп отыр.