21 жастағы Нұрайдың өліміне күдікті белгілі блогерлердің туысы болып шықты
Танымал блогер жұбы Камила Әділхан мен Мағжан Аймахан 21 жастағы Нұрайды өліміне күдікті Шерхан Аймаханның олардың туысы екенін растады.
Мағжан Аймаханның айтуынша, ол оның әкесі жағынан немере інісі.
Бұған дейін желі қолданушылары олардың сыртқы келбеті мен тегінің ұқсастығына байланысты оларды туыс деп болжаған. Блогерлердің күдіктімен бірге түскен фотолары да желіде пайда болды.
"Иә, Шерхан – әкемнің кіші інісінің, біздің туысымыздың ұлы. Ешкім баласының қатыгез не зұлым болып өскенін қаламайды. Мұндай ой біздің ойымызға да кірмеді. Сондықтан бұл оқиға біз үшін ауыр соққы болды. Ешбір ата-ана қызының басқа біреудің қолынан қаза табуын қаламайды. Екі жақтың ата-аналары үшін де өте қиын жағдай. Біз мұны ешкімге тілемейміз", – деп мәлімдеді блогерлер.
Туыстық байланыстарына қарамастан, жұп күдіктіге әділ үкім күтетінін атап өтті.
"Сот процесі мен жазалауға келетін болсақ, біз бәрінің әділ және заңға сәйкес жүргізілуін қалаймыз. Бірақ, өкінішке қарай, оған қанша жыл берілсе де, көңіл айту сөздері айтылса да, бұл Нұрайды қайтара алмайды. Сондықтан біз Аллаһтан жеңілдік беруін шын жүректен тілейміз және ата-анасына тағы да көңіл айтамыз", – деп атап өтті олар.