22 ақпандағы митинг қарсаңында қамалғандарға туыстары барды

24.02.2020, 22:43

18

Алматыдағы Лобачевский көшесінің бойында орналасқан әкімшілік құқық бұзғандарды уақытша қамау мекемесінде отырғандарға туыстары азық-түлік пен тамақ апарды. Кейбірі туысының 22 ақпанда митинг өткен күні, енді бірі оған дейін қамалғанын айтады.

Қамаудағы күйеуі Асхат Шыныбековке азық-түлік әкелген Алматы облысының тұрғыны Ақмөлдір Төлебекованың сөзінше, Шыныбековті 22 ақпанда полиция Талғардағы үйінен алып кеткен. Сол күні Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 15 тәулікке қамау туралы шешім шығарған.

— Киімі мен телефонын алып шыққан мені де Медеу аудандық полициясына апарып, екі сағаттай ұстады, — дейді Ақмөлдір Төлебекова.

Оның сөзінше, полиция күшпен ұстаған кезде күйеуінің тізесі мен тобығы жарақаттанған. «Оның бәрін видеоға түсірдік» дейді белсендінің әйелі.

Әкімшілік түрме алдына келгендердің бірі Гүлзипа Жәукерованың өзі де 22 ақпанда әкімшілік жазаға тартылған. Белсенді «фейсбук желісіндегі жазбасы үшін 20 АЕК айыппұл салынғанын айтады. Ол қамауда отырған Марат Тойбаевтың денсаулығына алаңдайды. Тойбаевқа 22 ақпандағы митинг қарсаңында „бейбіт жиын өткізу заңын“ бұзды деген айып тағылған.

Алматының әкімшілік түрмесінің кезекшілігі 22 ақпандағы митинг қарсаңында және митинг кезінде қанша адамның қамалғаны жайлы ақпарат бермеді.

Адам құқығын қорғаушылар „22 ақпан күні Қазақстанның түрлі қалаларында болған митингілер кезінде 300-ден астам адам ұсталды, екі адам жарақаттанды“ деп санайды. Олардың басым бөлігі босатылған, кейбірі әкімшілік жазаға тартылған. Ішкі істер министрлігі қанша адам қамалғанын айтқан жоқ.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39