Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:47, 05 Қазан 2020

23 жастағы әйел 6 баланың анасы атанды

None
None

Түркістан облысы Дербісек ауылының 23 жастағы тұрғыны Еркінай Есенбаева алты баланың анасы атанды, — деп хабарлайды  «Жас Алаш».

Ол облыстың № 1 перинаталдық орталығында үшем босанды. Еркінай алғашқы баласын 18 жасында босанған. Үш баласы 2170 грамм, 2100 және 2615 грамм болып туылды және олардың есімі Ақжан, Маржан және Бақжан. Жас отбасының бұған дейін бір ұл, екі қызы болған.

Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, осы жолы ол кесір тілігімен босанған.

Облыстық № 1 перзентханада осы жылы 155 егіз және 3 үшем дүниеге келген. Аймақта өткен жылмен салыстырғанда бала туу көбейген. Жыл басынан бері 45 030 нәресте туылған.

Тегтер: