23 жылға сотталған тәжік заңгері белгілі сыйлыққа ие болды

19.09.2019, 15:00

20

Тәжікстанда сотталған заңгер Бузургмехр Еровқа «елдегі демократиялық институттар мен азаматтық қоғамды дамытуға үлес қосқаны үшін» Файзинисо Вохидова атындағы сыйлық берілді.

Еуропадағы Орталық Азия мигранттары қауымдастығы бекіткен сыйлық ондаған жылдар бойы диссиденттер, құқық қорғаушылар мен оппозициялық саясаткерлердің құқығын қорғаған белгілі тәжік адвокаты Файзинисо Вохидованың атымен аталады.

Еров қазір Тәжікстанда түрмеде отырғандықтан 18 қыркүйекте Варшавадағы адамзат өлшемі бойынша конференцияда сыйлықты оның ағасы Жамшед Еровқа тапсырды.

Азаттық тілшісімен сұхбатта Жамшед Еров ағасына Вохидова атындағы сыйлық берілуінің символдық мәні бар екенін, екеуі де (Вохидова мен ағасы) «адам құқығы мен азаматтарды қорғауға күш салғанын» атап өтті.

Бузургмехр Еров «Тәжікстанның ислам жаңғыру партиясының» (ТИЖП) 13 мүшесі мен жетекшісінің мүддесін сотта қорғаған. ТИЖП Тәжікстанда «террористік ұйым» ретінде танылып, оның елде жұмыс істеуіне сот шешімімен тыйым салынған.

2016 жылы қазан айында Еров «конституциялық құрылымды күшпен құлатпақ болды», "әлеуметтік алауыздық туғызды" деген айыппен 23 жылға сотталған.

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05