Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:41

«24 млрд 772 млн»: Қайрат Сатыбалдыға тиесілі «Байсат» базары тағы да аукционға қойылды

Қайрат Сатыбалды
Фото: Жас Алаш коллаж

Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының «Байсат» базары үшінші мәрте сатылымға шығарылды.

 Аукцион 2026 жылғы 5 ақпанда сағат 12:00-де өтеді. Нысанның бастапқы бағасы 24 млрд 772 млн теңге болып белгіленген.

Бұдан бөлек, кәдесый монеталар, зергерлік бұйымдар мен сағаттар да саудаға қойылып отыр. Жалпы саны 40 лот жарияланған. Олардың аукциондары 20, 23 және 28 қаңтар күндері өтпек. Бұл активтердің жиынтық бастапқы құны 520 млн теңгеден асады.

Еске сала кетейік, «Байсат» базары алғаш рет қыркүйек айында 28,6 млрд теңгеге бағаланған. Ал желтоқсанда өткен екінші аукционда оның бастапқы құны 26,7 млрд теңгеге дейін төмендеген.