Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:32, 18 Қаңтар 2021

25 млн теңге жымқырған алаяқ құрықталды

None
None

Қаңтар айының басында Өскемен қ.ПБ Үлбі ПБ қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында алаяқтық жасады деген күдікпен 27 жасар Тарбағатай ауданы тұрғыны ұсталды.

-2020 жылы қыркүйек айының ортасында күдікті әйел бизнесті дамытуда көмек көрсету сылтауымен, 30 жастағы Ұлан ауданының тұрғынынан 24 млн. теңгеден астам мөлшерінде ақша қаражатын алдап жымқырып кеткен,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Жауап алу барысында күдікті кінәсін мойындады.

    Осы факті бойынша ҚР ҚК 190 бабы 4 бөлігі бойынша (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алаяқтық қылмыстарына қатысты барлық ескертулерге қарамастан, Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары әлі күнге дейін алаяқтардың құрбаны болуда. Сондықтан тәртіп сақшылары азаматтарды аса сақ болуға және қырағылық танытуға шақырады.

Тегтер: