07:41, 11 Қыркүйек 2020
25 науқастың жағдайы өте ауыр
Денсаулық сақтау министрлігі 11 қыркүйекке арналған коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарға қатысты ақпарат жариялады.
"Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 4 596 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 34 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 523 науқас жатыр. 2 073 адам амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр. Жалпы науқастардың арасында 137 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 25 науқастың ахуалы өте ауыр деп бағаланып отыр. 28 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", — делінген ведомствоның хабарламасында.