Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:15, 20 Қаңтар 2021

25 қазақстандық Оңтүстік Корея түрмелерінде жазасын өтеп жатыр

None
None

25 қазақстандық Оңтүстік Корея түрмелерінде жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Мәжілісте сотталған адамдарды беру туралы Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы келісімді таныстыра отырып мәлімдеді, деп хабарлайды «Жас Алаш».

Оның айтуынша, Қазақстанда Оңтүстік Кореяның бір ғана азаматы жазасын өтеп жатыр.

«Келісім ратификацияланғаннан кейін біздің елшілік жұмыс істейді, сотталған қазақстандықтарды аралайды, оларға өз еліне оралу мүмкіндігі бар екенін түсіндіреді. Біріншіден, ол Қазақстан азаматы болуы керек, екіншіден, азаматтың елге оралуға келісімі болуы керек. Бізде осы 25 адамды қайтару үшін барлық заңды негіздер бар», — деп түсіндірді Марат Ахметжанов Мәжілістің жалпы отырысында.

Соеымен қатар, Қазақстанның тағы 26 азаматы жауапқа тартылып жатыр, бірақ олар бойынша сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Дауыс бергеннен кейін шартты ратификациялау мақұлданды.

»Бұл келісім біздің азаматтар үшін маңызды. Конституцияға сәйкес мемлекет шетелдегі азаматтарымызды қорғауға кепілдік береді. Сонымен қатар біз сотталған азаматтарымызды шетелде қалдырмаймыз. Әрине, біз сотталған адамдарды беру тәсілдерін реттейміз", - деп қосты Бас прокурор орынбасары.

Сотталушылар бізге келесі жағдайларда ауыстырылады: егер сотталған адамның жазасын өтеуіне бір жыл қалса және сотталған адам ауыстыруға келісімін берсе. Бүгінде Қазақстан 70-тен астам елдермен қылмыстық істер бойынша ынтымақтастықта. 32 елмен 68 екіжақты шарт жасалды.

Тегтер: