13:32, 26 Қазан 2019
26 қазанда 26 адам ұсталды
Ішкі істерминистрлігінің баспасөз қызметі 26 қазан күні Алматы мен елордада 26 адамныңұсталғанын хабарлады.
«26қазанда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында рұқсат етілмеген митинг өткізугетырысқандар болды. Бас прокуратураның заңсыз митинг туралы бірнеше мәртеескертуіне қарамастан кей азаматтар заң талабын орындаудан бас тартты. Қазіргіуақытта полицияға мән-жайды анықтау және әкімшілік жауапкершілікке тартумәселесін қарастыру үшін 26 адам жеткізілді. Ішкі істер министрлігі құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында азаматтары арандатушылық үндеулерге ермей,экстремистік ұйымның заңсыз акцияларына қатыспауға шақырады», — делінгенминистрлік таратқан ақпаратта.
фото: Facebook желісінен алынды