18:46, 26 Сәуір 2018
272 миллион бөлінген үйге тағы да жөндеу жұмысын жүргізу керек
Қарағанды облысы, Саран қаласына қарасты Ақтас елді мекенінде 2014 жылы жетімдер мен жалғысбасты аналарға, мүгедектерге берілген тұрғын үйдің төбесінен су сорғалап және сыртындағы сайдингтер желден шыдас бермей түсіп жатыр.
1961 жылғы ескі үйді жаңарту үшін, Саран қаласының әкімшілігі 272 млн тенге қаражат жұмсаған. Аталаған қаражатқа 65 пәтердің кілті мемлекетттік бағдарламамен мұқтаж жандарға табысталып, қалған 15 пәтер баспананы жөнге келтірген мердігердің еншісіне берілген.-Осыдан төрт жыл бұрын мемлекеттік бағдарламамен алған үйдің сиқы осы. Шатырдан су сорғалап ағып жатыр. Пәтерді көктің иісі алып кеткен. Балаларым ауруханаға жиі түседі. Әкімшілік кепілдік мерзімі бітті өздерің жөндеп алыңдар дейді. Менде ондай қыруар қаражат жоқ, — дейді жетімдер үйінің түлегі Валерия МАЛЬЦЕВА. 2014 төртінші категориялық бағдарламамен берілген бұл пәтерлерге қоныстанғандар ай сайын жалдама ақысын төлеп отыр. Жылына 30 000 құрайтын төлемді көп көрген Александра ЛЕТУНОВА жеті жасар қызымен тұрады. Жетімдер үйінің тәрбиеленушісі қазір баласын жалғыз өзі асырап отыр. Дүкен еденін жуып тапқан 25 000 тенгесі күнделікті азықтан артылмайды деп күрсінеді.-Менің тапқан жалақым тамағымыздан артылмайды. Баланың киімі бар. Пәтеріме төленетін төлемдерімді айтпағанда. Енді мердігердің жіберген ақауын жөнге келтіретін ақшаны мен қалтамнан шығара алмаймын. Төбеден келген су менің үйіме де жетті. Менен астыңғы қабаттың төбесі суланды. Балам аллергиядан көз ашпайды. Жетімдер болған соң осылай өтірік жамап-жасқап бере салды ғой,- дейді Александра.Жетпістегі Жаңыл әжей 42 000 теңге зейнетақы алады. Ол да мердігерден қалған ақауларды жөнге келтіруге ақша жұмсай алмайынын айтып ашынады.-Мында ылғи зейнеткерлер мен мүгедектер тұрады. Дәріміз бар алатын. Сонда мен үйді жөндеуге шығындалуым керек пе? Онсыз да күнімізді әрең көріп отырмыз ғой, -дейді кейуана. Саран қаласының құрлыс бөлімінің басшысы Ольга ШОТТ бұқараның мәселесін біледі. Құрлысты жүргізген Смит AVTO мердігер компаниясының басшысы дүниеден өтіп кеткен екен. Сондықтан да тұрғын үйдің ақауларын адамдардың өздері жөндеулері тиіс екен.-2014 жылдары бір шаршы метрі 74 000 тенгеден арзанға сатылды. Қазір ондай баға нарықта жоқ. Мен тұрығындардың шағымын білемін. Мердігерге де шықтық. Алайда, ол өмірден өтіп кетті. Енді ешкімнен ақауларды жөндеуді талап ете алмаймыз. Сондықтан тұрғындар біртіндеп өздері қалыпқа келтіріп алулары керек,- дейді жергілікті шенеунік Ольга Шотт.Мемлекеттік бағдарламамен берілген баспаналардан көңілі қалған тұрғындар үй тапсырылғанда шенеуніктер салғырттық танытқан дейді.
Фотолар автордікі