Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:41

293 млн теңге салық төлемеген қазақстандық БАӘ-ден елге жеткізілді

1
Фото: скриншот

Біріккен Араб Әмірліктерінен салықтан жалтарған күдікті Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

 

Тергеу мәліметінше, 2018–2020 жылдары ер адам коммерциялық кәсіпорынды басқара отырып, корпоративтік табыс және қосылған құн салығын төлемеген. Нәтижесінде мемлекетке 293 миллион теңгеден астам залал келген.

Қылмыстан кейін ол елден қашып, бір жылдан аса халықаралық іздеуде жүрген. Қыркүйек айында күдікті БАӘ аумағында ұсталып, қазір тергеу изоляторына қамауға алынды.

Тегтер: