Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:36, 31 Наурыз 2020

«3 миллионға жуық азаматымызға қолдау көрсетіледі» – Мемлекет басшысы

Құрметті отандастар! Қазір бүкіл әлем бұрын-соңдыболмаған күрделі жағдаймен бетпе-бет келіп отыр.

Коронавирус індеті дүние жүзінжайлап барады. Бүгінде 177 мемлекетте 800 мыңға жуық адам осы дертке шалдықты.Оны жұқтырғандар саны күннен-күнге артуда. Біз төтенше жағдай жариялап,Қазақстанда вирустың жаппай таралуына жол бермедік. Соның арқасында ахуалдыбақылауда ұстап отырмыз. Халқы Қазақстанмен шамалас кейбір елдердекоронавирусқа шалдыққандар ондаған есе көп. Мен елорда мен Алматыда ғана емес,еліміздің барлық өңірінде карантинді күшейтуді тапсырдым. Баршақазақстандықтарға сабыр сақтап, түсіністік танытқаны үшін алғысымды айтамын.Біз дүрбелең тудыруға жол бермейміз. Дәл осы кезде халық мемлекетке қолдаукөрсетуі керек. Бұл – аса маңызды. Коронавирус – батпандап кіріп, мысқалдапшығатын қауіпті дерт. Дегенмен, біз індетке шалдыққан адамдарға барлық қажеттікөмекті көрсетеміз. Бүгінде бүкіл еліміз дәрігерлер мен медицина қызметкерлерініңқайсарлығына тәнті болуда. Олар – адам өміріне араша түсіп жатқан бүгінгікүннің батырлары. Сондықтан, пандемияға қарсы күрестің алдыңғы легіндежүргендерге қосымша қолдау көрсету жөнінде шешім қабылдадым.

  • Дәрігерлерге және медицина қызметкерлеріне 3 ай бойы қосымша үстемеақы төленеді. Медицинақызметкерлерінің өмірін сақтандыру мәселесі де шешімін тапты. Әрине, ақхалатты абзал жандар бұдан да зор қолдауға лайық. Төтенше жағдай режимініңқашанда экономикалық және әлеуметтік салдары болады. Біз үшін азаматтардыңденсаулығымен қатар олардың өз табысынан айырылмауы да маңызды. Мен бұғандейін дағдарысқа қарсы алғашқы шаралар топтамасын жарияладым. Жағдайдыңушыға түскенін ескеріп, азаматтарға және бизнеске одан әрі қолдау көрсетужөнінде мынадай қосымша шешімдер қабылдадым.
  • Инфляцияның артуына байланыстызейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10пайызға индексациялауды тапсырдым. Осыған орай, аталған санаттағыазаматтардың табысын арттыру үшін мемлекет тарапынан 200 миллиард теңгеденастам қаражат бөлінеді.
  • Табысынан айырылған азаматтарғаең төменгі жалақы мөлшерінде қолдау көрсеттік. Енді, 42500 теңгекөлеміндегі осы көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді тапсырамын.Соған орай, бұл қолдауға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмейжұмыс істейтіндер де ие болады. Бұл көмек белгіленген тәртіп бойынша шынмәнінде мұқтаж адамдарға ғана беріледі. Жалпы, 3 миллионға жуықазаматымызға қолдау көрсетіледі.
  • Сонымен қатар, тұрмысқа қажеттізаттар мен азық-түлікті тегін алатын азаматтардың қатары көбейеді. Атапайтқанда, мұндай көмекті мүгедектер және жұмыссыз ретінде тіркелгеназаматтар да иеленеді. Тегін азық-түлік сегіз жүз мыңнан астам адамғаберіледі.
  • Міндетті әлеуметтік медициналықсақтандыру жүйесі бойынша сақтандырылмаған азаматтардың медициналық көмекалу құқығын 1 сәуірден 1 шілдеге дейін ұзартуды тапсырамын. Соғанбайланысты медициналық көмек азаматтарға бұрынғыдай қол жетімді болып қалабереді.
  • Біз шағын және орта бизнескеқолдау көрсету үшін бұрын-соңды болмаған шараларды қолға алып отырмыз.Кәсіпкерлерге көмек көрсетуіміз керек. Өйткені, олар – экономикамыздыңтірегі. Әкімдіктер жергілікті кәсіпорындардың өнімін кем дегенде 6 ай бойыкепілді сатып алу тәртібін жолға қоюы керек. Шағын және орта бизнес өкілдерінбиылғы 1 қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан босатудытапсырамын. Мұндай қолдау сауда, көлік қызметі, қонақүй, туризм және басқада салаларды қамтиды.
  • Ауыл шаруашылығымен айналысатынкәсіпкерлерге де қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, бюджеттен 70 миллиардтеңге бөлінеді. Көктемгі егіс науқаны үшін «Қарапайым заттар экономикасы»бағдарламасы арқылы қосымша 100 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Еңалдымен, шағын және орта шаруа қожалықтарына қолдау көрсеткен жөн. Соныменқатар, Үкіметке жанармайдың нарықтық бағасын он бес пайызға арзандатып,165 теңгеге дейін төмендету міндеті жүктелді. Осыны қамтамасыз ету үшін390 мың тонна жанармай жеңілдікпен сатылатын болады. Жалпы, осы айтылғаншаралар қазіргідей күрделі кезеңде азаматтар мен отандық бизнесті қолдауүшін керек. Мұның барлығы коронавирус індетінің залалын тезірек жоюға әсеретеді деп сенемін!

Тегтер: