3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 3тамыздан бастап елімізде бірқатар нысандардың жұмысына рұқсат етіліп отырғанын,сондай-ақ қандай нысандарға қатысты әлі тыйымның күші жойылмайтынын айтты.
Ары-беріжүрген адамдарға қатысты мынандай талаптар бар:
— Көшеге шығу, саябақтарда, алаңда және жағалауда қыдыру — топтасу 3 адамнанаспауы тиіс; — Бетперде тағу, санитарлық және дезинфекциялықрежимді сақтай отырып, кондукторы бар, тиеген жолаушысы 50% -дан аспайтын,белгіленген уақытты сақтаған жағдайда қоғамдық көліктердің жұмыс істеуіне(соңғы аялдамада барлық есіктердің ашып, дезинфекция жасау) рұқсат етіледі.
Сонымен бірге мынандай шараларға тыйымсалынады:
— қоғамдық іс-шаралардың барлық түрлеріне, ойын-сауық мекемелерінің,кинотеатрлардың, сауда үйіндегі тамақтану алаңдарының, банкет залдарыныңжұмысына.
— мейрамханалар, барлар, түнгі клубтар және ойын клубтарына жұмысына;
— мәдениет нысандарының, музейлердің, конференц залдардың, көрмелердің,форумдардың;
— спорт залдарының, фитнес-орталықтардың, бассейндердің, жағажайлардың,аквапарктардың;
— діни ұйымдардың;
— қала маңындағы жолаушылар пойыздарының(электр пойыздары, жұмыс істейтін пойыздарды қоспағанда), қалааралықавтобустардың (микроавтобустар) жүруіне тыйым салынады.
— Ұсынылған шараларды қатаң сақтау біздегі жағдайды тұрақтандырып қанақоймай, аурудың өсу қарқынының төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.Осыған байланысты, әзірленген тәсілдерді мемлекеттік комиссияға тапсыру үшінмұны Сізден мақұлдауыңызды сұраймын, — деді Цой үкімет отырысында.