Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:00, 17 Желтоқсан 2021

30 жыл өмір өттің-ау

None
None

Тойлауда халқым думаншыл,

Мейрамын 30-жылдықтың

Жүрегі құрғыр тұр шаншып

Үрле деп шоғын шындықтың

Болашақ жайлы сарқылды ой,

Өткенім – зарлы естелік.

Секемшіл болып қалдым ғой

Нұр деген сөзден сескеніп

Келемін ілбіп,

тек мынау:​

Қалса да сүлдер, құр кеудем,

30 жыл бойы өттім-ау

Түнектің өзін Нұр деумен

Тыңда деп өкпе, назымды,

Қолымды көкке жаямын.

Тіл жайлы зар боп жазылды

30 жыл ғұмырбаяным.

Өзім де надан қасқамын,

Ураным дейтін уым бар

Байлығы болған басқаның

Мұнайым деген мұңым бар

Қасқамын, өзім білемін

«Сынок» деп шақырып ұлымды

Өзіме-өзім күлемін

«Доча» деп қызым-гүлімді

Намысы қашқан кеудеден,

Тірімін, әлде өлімін?!

Үмітсіз шайтан деуменен

30-жыл өтті-ау өмірім.

Тегтер: