Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:30, 07 Тамыз 2023

300 теңге 440-қа қарсы: Қазақстандық өндірушілер Ресейден қант әкелуді шектеуді талап етті

None
None

Қазақстандық қант өндірушілер елдегі бәсекелестікке байланысты өнімдерін сата алмай отырғандарын айтады.

Олар Ресейден қанттың бақылаусыз импортына тосқауыл қоюды сұрайды. Бұл туралы «Атамекен» ҰКПжазды.

«Қазақстан қант, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Айжан Наурызғалиеваның айтуынша, отандық зауыттар өндірген қант қазір қоймаларда сақтаулы тұр. Себебі, Қазақстан өндіретін қант 440 теңге болса, Ресейден келетін қант 300 теңге тұрады.

«Олар базарда алыпсатарларға 320 теңгеден, кейін 350 теңгеден сатады. Ауыл шаруашылығы және сауда министрліктеріне тасымалдауды жабу туралы өтінішпен жүгіндік. Бүгіннің өзінде Ресейде төрт зауыт іске қосылды. Тамыз айының соңында барлық зауыт іске қосылады», — дейді  Айжан Наурызғалиева.

Оның атап өтуінше, Ресейде биыл өнім жақсы, 6,5 миллион тонна өнім алуды жоспарлап отыр. Өткен жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі қант саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі жоспарын қабылдады. Бұл тапсырмалардың кейбірі 2023 жылдың бірінші немесе екінші тоқсанында жүзеге асырылуы тиіс болатын. Бірақ олардың ешқайсысы әлі аяқталған жоқ.

»Қырғызстан 17 мың гектар жерге егін егіпті. Осылайша өзін қантпен 100 пайызға қамтып отыр. Ресейде қант өсірілетін жердің 90 пайызын қант зауыттары алып жатыр. Бұл қант қызылшасының 90 пайызы деген сөз. Қашан шикізатты өзіме екеміз? Мен осы салада бес жыл жұмыс істеп келе жатырмын. Мәселені қашан түзетеміз?" - дейді Айжан Наурызғалиева.

Сауда комитетінің қызметкері Гүлмира Ахметаева 1 сәуір мен 30 маусым аралығында теміржол көлігімен 59 мың тонна, автомобиль көлігімен 6 мың тонна қант әкелінгенін айтты.

«Тағы да айта кетейін, біздің қант зауыттары ішкі нарықты толықтай қамтамасыз ете алмайды. Импорт 50 пайыздан асады. Сондай-ақ, қант өндірушілерге мемлекет тарапынан жақсы қолдау көрсетіліп жатыр. Олар қант шикізатына баж салығынан және қосымша құн салығынан босатылды», — деді Гүлмира Ахметаева.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов қант өндірісін дамыту бағдарламасы орындалмай жатыр деген сауалға Ұлттық палата арқылы жауап беретінін айтты.

Тегтер: