Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:07, 12 Шілде 2023

3,5 миллион теңге көлеміндегі сыйлық. Үздік педагог байқауына өтініштер қабылдау басталды

None
None

Қазақстанда "Үздік педагог«байқауына өтінімдер қабылдау басталды. Жеңімпаздар 3,5 миллион теңге көлемінде сыйақы алады.

Өткен жылы еліміздің әр өңірінен келген 64 мұғалім 3 млн теңгеден алған. Конкурсқа білім беру ұйымдарының штаттағы оқытушысы және құжаттарды тапсыру кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар білім беру ұйымдарының педагогтары қатыса алады. Сондай-ақ биылғы жылы мемлекеттік сыйлыққа үміткер ұстаздар шеңбері кеңейтілді. Енді конкурсқа жеке білім беру ұйымдарының қызметкерлері қатыстырылады.

Байқау үш кезеңде өтеді:

I кезең – шілде – аудандық, қалалық (облыстық, республикалық маңызы бар қалалар) деңгей;

II кезең – тамыз – облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астана) деңгей;

III кезең – қыркүйек – Республикалық деңгей.

Бірінші кезеңде байқауға қатысу үшін қатысушы платформада өтінім беріп, электронды форматта құжаттарды қоса беруі қажет.

Қатысушыларды тіркеу және құжаттарды қабылдау мына сілтеме бойынша жүзеге асады

Конкурс туралы толығырақ ақпарат мына сілтемеде.

Облыстық комиссияның шешімімен ІІ кезең жеңімпаздары республика деңгейіндегі байқауға қатысуға ұсынылады. Ол үшін білім бөлімі 2023 жылдың 5 қыркүйегіне дейін ақпаратты жүйе арқылы қатысушыларды жариялайды. Республикалық „Үздік педагог“ байқауы 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. „Үздік педагог“ атағының иегерлері тек ақшалай сыйлыққа ғана емес, төсбелгілерге де ие болады.

Тегтер: