Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:02, 26 Желтоқсан 2020

37 жастағы әйел сырғанақта ауыр жарақат алып қайтыс болды

None
None

Солтүстік Қазақстан облысында 37 жастағы әйел таудан төмен сырғанап келе жатып ауыр жарақаттан кейін қайтыс болды.

Бұл ақпаратты денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады. Әйел есін жимастан облыстық көпсалалы аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болған. 

Қайғылы оқиға Борки ауылында болған. Төменге түсіп бара жатқан әйел ағашқа соғылған.

Полиция «Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру» қылмыстық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Тегтер: