Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:18, 25 Шілде 2019

38 миллион қайда, әкімдер?!

Амандық БАТАЛОВ, Рыскелді САТБАЕВ мынасуреттегі көше — сіздер қызмет етіп отырған аймақтағы Алматы облысы Талғарауданы Бірлік ауылының Мәншүк Мәметова көшесі.

Екі мектеп орналасқан,мыңдаған халқыңыз жүретін орталық көше. 13 жылда бір рет жөнделгенін көрмедім,ойқы-шойқы, жазда су алып, қыста қар үйіліп қалатын соры қалың көше. 

Биыл ғанааудан әкімдігінің ресми сайтында осы көшені жөндеуге 38 миллион 200 мың теңгебөлінгені хабарланған. 

Бүгін таңертең көшенің жиырма шақты жерішұқыланып қалғанын байқадым, оған енді сол 38 миллионды "құйғалы"жатқандарыңызды түсіндім. Осы елдің азаматы, салық төлеушісі ретінде шағын ғанакөшенің мынандай «жөндеуіне» 100 мың долларды қалай жұмсағалыотырғандарыңызды түсіндіруді талап етемін. 

P.S. Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢәкімдердің әлеуметтік желіде тұрғындар сұрағына жауап беруін міндеттегенін деұмытпаған шығарсыздар деп сенемін.АлАлик ШПЕКБАЕВ мырза, Сізден мына жағдайды жеке бақылауыңызға алуыңызды сұраймын.

Фотолар tengrinews.kzжәне автордың facebook.comпарақшасынан алынды. Материал автордың рұқсатымен жарияланып отыр.

Тегтер: