Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:58

38 жастағы ер адам 15 жастағы қызды күштеп «әйелдікке алған»

Әйелдік
Фото: БАҚ

Оқиға биыл наурыз айында Қарағандыда болған.

Жасөспірімді анасы мен өгей әкесі бір ер адамға тұрмысқа берген. 38 жастағы еркек қызды 4 күн бойы жабық пәтерде ұстап, бірнеше рет зорлаған. Бала қашып құтылып, өз әкесіне барған. Қыздың туған әкесі полицияға арыз жазған. Енді қыздың «күйеуіне» қатысты сот басталды.

Жасөспірімнің әкесінің сөзінше, экс-жары мен оның күйеуі куәгер ретінде тергеліп жатыр. Ол екеуінің қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанына таңғалып отыр. Себебі қызын зорлаған адам өгей әкенің досы екен.

Қыздың әкесінің сөзінше, экс-жары мен өгей әке қызды өз жағына шығарған. Қыз бауырларын аяған соң осы шешімге келген. Жасөспірім бұрынғы айғақтарынан өз еркімен бас тартыпты. Тіпті, туған әкесінің үстінен шағым түсіре бастаған.

Қыздың нағашы атасы қызының діни ағымға кіріп кеткенін айтты. Осылайша балаларды қорғау бөлімі қызды күштеп күйеуге берген деген қорытындыға келген.

Енді қыздың әкесі әділдікке жеткенге дейін күресемін деп отыр.