4 адам қаза тапқан «Ертіс» шахтасындағы апатқа қатысты комиссия құрылды

Шығыс Қазақстан облысындағы Ертіс шахтасында апат болып, 4 адам қаза тапты.
Жұмысшылардың екеуі «Шығыстүстімет» ЖШС қызметкерлері, екеуі мердігер ұйымдардың қызметкерлері, тағы бір жұмысшы зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды.
Өңір басшысы Ермек Көшербаевтың айтуынша, қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі, бұл үшін ШҚО-да жедел штаб құрылған. Қазір арнайы комиссия қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтауда, делінген әкімдік хабарламасында.
Айта кетейік, оқиға осы жылдың 31 тамызында болған. Сағат 16.25-те Шығыс Қазақстан облысы Алтай кентінде, «Востокцветмет» ЖШС Ертіс кенішінің «Ертіс» шахтасында ауысым кезінде белгісіз затпен улану белгілері бар 4 жұмыскердің денесі табылды.
«Востокцветмет» ЖШС екі қызметкері:
- ұңғымашы А. Б. Бақытов, 1894 ж. т.;
- ұңғымашы А. Б. Кеңесбаев, 1989 ж. т.
«Шахтстрой Инжиниринг» ЖШС мердігер ұйымының екі қызметкері:
- ұңғымашы А. Т. Жайрғазин, 1978 ж. т.;
- ұңғымашы А. К. Құсайынов, 1983 ж. т.
«Востокцветмет» ЖШС-нің тағы бір жұмыскері, ұңғымашы А.К. Қамбаров ауруханаға жатқызылды.