Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
20:55, 27 Тамыз 2018

4 миллион тұратын аялдама

Атырау қаласында келешекте жабық аялдамалар пайда болып, ол жерлерден секциялар, дәріханалар, дүкендер ашылады.
Аялдамалардың көлемі кішілерін орнату құны 4 млн.теңгенің, үлкендері – 8-9 млн.теңгенің маңайында болмақ. Жақында БАҚ өкілдерімен өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Мейірім ҚАЛАУИ осылай деп мәлімдеді.Бір қызығы, шаһар аялдамалары бір кездері осындай жабық болған-ды. Облысқа Бергей РЫСҚАЛИЕВ басшылық еткен тұста олардың бәрі сүріліп, орнына жан-жағы ашық, әйнек аялдамалар орнатылды. Аялдамалардан сауда нүктесін ашқан кәсіпкерлерге өтемақы төленді. Алайда, содан бері көшелерде тұрған «мөлдір» аялдамалар өзінің тиімсіздігін әбден дәлелдеп бақты. Онда қоғамдық көлік күткен жүргіншілер қыстыгүні бүрсеңдеп тұрса, жаздыгүні аптап ыстықта көлеңке таппай, аялдаманың артына тығылатын.Қазіргі таңда Атырауда «Атырауинжстрой» ЖШС Баймұқанов, Тайманов, Владимирский көшелеріне отызға жуық 4-10 метр аралығындағы аялдама павильондарын салып жатыр. Олардың ішіндегі ірі аялдама кешендерінен кәсіпкерлік нысандары бой көтермек. Одан бөлек, аялдамаларда сымсыз интернет жүйесі, ұялы телефонды қуаттайтын тоқ көзі, бейнебақылау камерасы, басқа да өркениет жетістіктері болатыны айтылуда.Фотолар автордікі. МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.
Тегтер: