4 облыс тұрғындарына ауа-райына байланысты ескерту жасалды
Қазақстанның төрт облысында өзендер тасып, су басу ықтималдығы бар.
"Қазгидромет" тасқын қаупіне байланысты ескерту жариялады.
27-29 наурыз аралығында Қарағанды облысында (Шет, Ақтоғай аудандары) ауа райының жылынуына байланысты қардың еруі, еріген судың ұлғаюы және мұз құбылыстарының әлсіреуі күтіледі. Осыған байланысты өзендердегі су деңгейінің күрт көтерілуі және тасуы мүмкін.
Температуралық фонның жоғарылауына және жауын-шашын болжамына байланысты 27-29 наурыз аралығында Ақтөбе облысында (Қобды, Мәртөк, Қарғалы, Хромтау, Әйтекеби, Ойыл, Алғын және Ақтөбе аудандары) және басым бөлігінде Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында су деңгейінің көтерілуіне байланысты еру, еріген ағын және өзендерде мұздың әлсіреуі күтіледі. Су деңгейінің асуы және су тасқыны мүмкін.