40 мыңға жуық қазақстандық әскери қызметке шақырылады
Мемлекет басшысының «2024 жылғы наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан әскери қызметтің белгіленген мерзімін өтеген мерзімді әскери қызметшілерді резервке алу және азаматтарды міндетті әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығын іске асыру туралы» Үкіметтің қаулысы қабылданды.
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдеріне :
шақыру комиссияларының жұмысын және 2024 жылғы наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатуға құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы 39180 ер азаматтарды шақыруды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шақыру учаскелерін медициналық қамтамасыз ету. Ішкі істер министрлігі әскерге шақырылушыларды жинау және әскерге жіберу орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастыру жүктелді.
Көлік министрлігіне Қарулы Күштерге, Ішкі істер министрлігіне, Төтенше жағдайлар министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Мемлекеттік күзет қызметіне запасқа шығарылған мерзімді әскери қызметшілер мен әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз ету тапсырылды.