4000-нан астам карантин бұзушы ұсталды – Тұрғымбаев Тоқаевқа есеп берді
Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусіндетінің таралуына қарсы күрес мәселелері жөнінде өткен селекторлық кеңестеқұқық қорғау, денсаулық сақтау және жергілікті атқарушы органдар дәрілік заттармен медициналық құрал-жабдықтарды сату бойынша құқық бұзушылықтарды анықтаудажәне оның жолын кесуде тұрақты түрде ведомствоаралық жұмыс жүргізу қажеттігінбаса айтты.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Кеңесте Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаев есеп беріп, ІІМденсаулық сақтау және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп,18 мыңнан астамрейд жүргізгені туралы баяндады.
Көрсетілген кезеңде барлығы 4000-нан астам карантинді бұзушыларанықталып, шара қолданылды. Атап айтқанда мұндай жағдай Алматы қаласында,Ақмола, Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстарында көп тіркелді.
Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды заңсызсатудың жолын кесу бойынша (5 шілдеден бастап) ішкі істер органдары заңсызайналымнан 65 мыңнан аcтам қорап дәрілік препараттарды, жарты миллионмедициналық маска мен 36 мың медициналық бұйымды тәркілеген. Олар қымбат бағадасатылған.
Сондай-ақ ішкі істер органдары дәрілік заттарды заңсыз сатудың348 фактісінің жолын кесті. Полицияға 284 адам жеткізілді, оның 138-сі медицинасаласының қызметкерлері. Дәрі-дәрмектің көп көлемі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент,Қарағанды және Атырау қалаларында алынды.
Алынған медициналық препараттар аумақтық денсаулық сақтауоргандарына беріледі.
Сонымен қатар Е.Тұрғымбаев ішкі істер органдары жүргізіп жатқанқоғамдық тәртіпті сақтау және қолданыстағы шектеу шараларын қамтамасыз етужұмыстары туралы баяндады. Бұл міндеттерді орындау үшін күнделікті 13 000полицей, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері және 1000 ерікті жұмыс істеуде. 4облыста 2 санитариялық және 9 блокбекет қойылды. 241 жұқтыру ошағы мен 366карантиндік нысан қоршауға алынды.
Кеңес қорытындысы бойынша, Президент ішкі істер органдары бұлбағыттағы жұмысты жалғастыратынын, ал, кінәлілер заңнамаға сәйкес жазаланатынынатап өтті.
Бұл тапсырманың іске асырылуын бақылау ҚР ПрезидентіӘкімшілігінің үйлестірумен Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратына жүктелді.
1.