42 500 теңге: әлеуметтік төлемді ала алмағандар қайта өтініш бере алады
42 500 теңгетағайындалмаған қазақстандықтардың өтініштерін қайта қарау тәртібі бекітілді, — деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігініңбаспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Өтініштерді қайта қарау үшін аудандық (қалалық) штабқарастайтын құжаттармен қоса тиісті өтініш беру қажет» дейді министрліктегілер.
1. Өтінішберіледі:
Жұмысберуші тарапынан — ШОБ, ірі кәсіпкерлік (карантин енгізілген өңірлерде),коммерциялық емес заңды тұлғалар үшін. Бұл ретте өтініш тек әлеуметтік төлемтағайындаудан бас тарту (тоқтату) туралы шешім қабылданған қызметкерлер үшінберіледі.
Өзбетінше – әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тарту (тоқтату)туралы шешім қабылданған жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатынадамдар, БЖТ төлеушілер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (бұдан әрі — АҚС)бойынша жұмыс істейтін адамдар", — делінген хабарламада.
2. Растайтын құжаттар тізбесі:
Қызметкерлеріүшін құжаттар беретін жұмыс берушілер үшін:
— жалақысы мақталмайтын демалысқа жіберу туралы бұйрықтар;
— жұмыс берушінің ТЖ кезеңінде кірісін жоғалту фактісін растайтын құжаттар(банктік шоттардан үзінділерді қоса алғанда, қаржылық және өзге де есептілік,бухгалтерлік баланс және басқа құжаттар);
— мемлекеттік кірістер органдары қабылдаған декларация (МКК-мен салыстыру үшін,200-нысан).
3. ЖК және жеке практикамен айналысатын адамдар үшін:
— мемлекеттік кірістер органдары қабылдаған декларация (МКК-мен салыстыру үшін,200-нысан);
— табыстың жоғалту фактісін растайтын құжаттар (банктік шоттардан үзінділердіқоса алғанда, қаржылық және өзге де есептілік, бухгалтерлік баланс және басқада құжаттар).
4. АҚС шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдар үшін:
— заңды тұлғамен жасалған жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) арналған АҚСшарты.
Ұсынылғанқұжаттарды қарағаннан кейін аудандық (қалалық) штаб 42 500 теңге әлеуметтіктөлемін тағайындауға құқығы бар/жоғы туралы қорытынды шығарады.